Жаңалықтар тізбегі
0

Кейбір қазақстандықтар "Ерікті қоныс аудару бағдарламасы" бойынша өзге өңірлерге қоныс аударуда

Көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 21:30 Сурет: pixabay
2023 жылы оңтүстік өңірлерден 13 адам Абай облысына қоныс аударды. Курчатов қаласына көшіп барған отбасылардың арасында астаналықтар да бар екен. Азаматтардың тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға "Ерікті қоныс аудару бағдарламасы" сеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдарлама аясында оларға мемлекеттен тиісті қолдау көрсетілді. Дәрігер Мөлдір Нығметжанова Астанадан Курчатовқа бір ай бұрын көшкен. "Ерікті қоныс аудару" бағдарламасы туралы интернет арқылы біліпті. Содан Абай өңіріне жанұясымен қоныс аударуды ұйғарған. Жаңа ортада ерлі-зайыптыларға тұрақты жұмыс тез табылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Мемлекет тарапынан берілетін көмектер қызықтырды. Субсидия, тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жұмыспен қамту. Сол бағдарламаны көріп, осы жаққа хабарласып. Ауруханада учаскелік терапевт болып орналастым. Жолдасымды да жұмыспен қамтамасыз етті". Терапевт-дәрігер Мөлдір Нығметжанова

Курчатов қаласына барғандардың мұғалім, заңгер және медицина саласында жоғары білімі бар. Бәріне де қызметтік пәтер беріліп, материалдық қолдау көрсетілді. Келісімшартқа сәйкес олар өңірде кемі 2 жыл жұмыс істеуі тиіс.


"Бізден материалдық көмек төленеді. Ол жолдарына 241 мың 500 теңге әрбір отбасы мүшесіне. Және де пәтер жалдауға. Ай сайын 69 мыңнан жоғары төленеді. Қазіргі таңда біздің қаламызға денсаулық саласында және де білім саласында мамандар жетіспейді". Курчатов қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Әлия Сұлтанова

Моноқалада қазір 17 мұғалім мен 5 дәрігер қажет. Жалпы Курчатов қаласының электронды еңбек биржасында 70-тен аса бос жұмыс орыны бар. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: