Павлодарда 31 жастағы ер адам жоғалып кетті
Сурет: Vita еріктілері
Павлодарда анасымен шыққан жігіт жоғалып кетті, 31 жастағы ер адамға қауіп төнуі мүмкін, өйткені ол адамдарға жақындап, су немесе тамақ сұрай алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Жанат Инцыбаев 12 шілде күні сағат 20.30-да Мүткенов көшесі, 50 мекенжайында орналасқан үйден шығып, жылдам ауладан шығып кеткен. Анасы оның артынан жүгіріп шығып, Шарбақты тас жолына дейін барған. Көпірден өтіп, Жетекші кентіне жақындағанда Жанат көзден таса болған", - деп хабарлады еріктілер.
Сондай-ақ жігіт Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансердің тізімінде тұр. Ол қара трико, көк іш көйлек, қара аяқ киім киген.
Еріктілер кеше таңғы 6-дан бастап іздеу шараларын жүргізген. Егер де Жанат Инцыбаевтың қайда жүргені туралы білетіндер болса, төменде көрсетілген телефондар арқылы хабарласа алады: 8 747 615 55 63 (Катерина) 8 777 334 82 01 (Светлана).
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript