Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысындағы төрт ауылға қуаңшылық қаупі төніп тұр

қуаңшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2023 17:40 Сурет: pixabay
Павлодар облысындағы төрт ауылға қуаңшылық қаупі төніп тұр, жаңбырдың кеш жаууы салдарынан ауылдарда егін шықпай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріпов айтты.

"Бүгінде егін егілді, бірақ биыл қуаңшылыққа байланысты судың жағасында орналасқан ауылдарда егін мәселесіне  қатысты жағдай қиын болуы мүмкін. Қызылжар, Қарақұдық, Иса Байзақов, Северный ауылдық округтерінде жауын кеш жауды, сондықтан олар құрғақшылыққа тап болды. Болжам бойынша,  егістік көлемінің 10-15 мың гектары жарамсыз  болып қалуы мүмкін". Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріпов

Ертіс ауданы әкімінің сөзінше, Панфилов, Ұзынсу, Қосағаш, Ағашорын,  Қоскөл, Амангелді ауылдық округтерінде екі рет өткінші жаңбыр жауып өткендіктен, жағдай бірқалыпты.  

"Далалық аумақтағы ауылдарда астық өнімділігі жақсы болады. Себебі бұл елді мекендерде жаңбыр жауып, қуаңшылықтан аман қалды. Агроном ретінде бидай 10-12 центнер деңгейінде тұрғанын көріп тұрмын". Болатбек Шәріпов

Сондай-ақ Болатбек Шәріпов ауданда қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы мәселе жоқ екенін айтты.

"Қуаңшылық мәселесі бар екенін жасырмаймын, алайда төтенше жағдайды енгізу мәселесі көтерілмеді", - деді аудан әкімі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: