Алматыда апатты жағдайда тұрған 85 мыңға жуық ағаш кесіледі
Әсіресе қолайсыз ауа-райында олар құлап, мүлікке, тіпті азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі де мүмкін. Zakon.kz қалада қанша апатты ағаш барын және жергілікті билік онымен не істейтінін анықтады.
Алматыда әр ағаш есепке алынып, оның күтімінің жоспары жасалады. Әкімдіктің мәліметінше, мегаполисте төрт миллионнан астам ағаш пен бұталар өседі. Жергілікті билік абаттандыру жұмысын одан әрі жалғастырмақ ниетте. Көктемде 20 000 қатты ағаш отырғызылса, жыл соңына дейін тағы 300 000 жаңа көшет пайда болады. Атап айтқанда, Алатау мен Наурызбай аудандары көгереді.
Ведомствоның хабарлауынша, қазір Алматыда 485 000 проблемалық ағаш бар. Оның 84 000-нан астамы апатты жағдайда: көше бойындағысы - 35 000, аулалардағыcы - 49 000. Бұлар кесуді қажет етеді. Олардың көбі қаланың орталық және төменгі бөліктерінде орналасқан.
"Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті апатты жағдайда тұрған ағаштарды кесудің бесжылдық жоспарын әзірледі. Мысады, былтыр негізгі жолдар бойындағы, саябақ аумақтары мен аулалардағы 5 мың апатты ағаш кесіліп, орнына 50 мың көшет егілді. Биыл 16 925 мың апатты ағашты кесу жоспарланып отыр. Орнына 169 250 мың көшет егілмек".
Мысалы, қазір Әлия мен Мәншүк саябағында, ҚБТУ мен Биокомбинат бақтарында қураған ағаштар кесілді. Ал Мұхтар Әуезов атындағы театрдың аумағы жыл соңына дейін тазартылады.
Қала әкімдігі кестеге сәйкес жасыл желектерді мезгіл-мезгіл суарып, қоректендіретінін, сонымен қатар ағаштарды биологиялық өңдеумен айналысатынын айтты.