Алматыда алғаш рет аулалардағы ескі ағаштар кесіледі

кесілген ағаштар, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 16:28 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі қаладағы, дәлірек аулалардағы апат жағдайындағы ағаштар кесілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімінің бастамасымен аулалардағы апатты ағаштарды кесу алғаш рет жүргізіледі. Қала бойынша 5 мың апатты ағаш мөлшерінде квота белгіленген. Оның ішінде Алмалы ауданында 800 ағаш бар. Осыған байланысты тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтініш бере алады, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Алмалы ауданында 220 мың ағаш пен бұта бар. Оның ішінде апатты жағдайда тұрғаны да жетеді. Жасыл қорды жаңарту бағдарламасы аясында биыл 700 апатты ағашты кесіп, орнына 7 мың ағаш егу жоспарланған.

Ауданда биыл 2 мың ағаш пен бұта егілді. Жыл соңына дейін тағы 10 мыңнан астам көшет егіледі деп жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: