Жаңалықтар тізбегі
0

Сырты жасыл, өзегі шіріген: Алматы әкімдігі апатты ағаштарды тексеру және кесу мәселесін түсіндірді

Сырты жасыл, өзегі шіріген: Алматы әкімдігі апатты ағаштарды тексеру және кесу мәселесін түсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 16:47 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түгендеу мен жасыл желектер тізіліміне сәйкес Алматы аумағында 4 миллионнан астам ағаш өседі. Бұл ретте 84 мыңнан астам апатты ағаш бар, оның 35 мыңы көше бойында, 49 мыңы аулада.

Бұл туралы қалалық экология және қоршаған орта Басқармасының жасыл қорды басқару және мониторинг бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаев баспасөз турында айтты.

2022 жылы қалада апатты ағаштарды кесудің бес жылдық жоспары бекітілді. Жоспар бойынша 2022 жылы магистральдық жолдар бойында, саябақ аймақтарында және аулаішілік аумақтарда 6 мың апатты ағаш кесіліп, кесілген ағаштардың орнына 68 мың көшет отырғызылды.

"Биыл басқарма 16 925 мың дана апатты ағаштарды кесуді жоспарлап отыр және кесілген ағаштардың орнына 169 250 мың көшет отырғызуды жоспарлап отыр", - деді ол.

Бүгінгі күні кестеге сәйкес жалпы пайдаланымдағы жерлердегі апатты ағаштарды кесу жұмыстары басталды. 33 бригада тартылған, барлығы 180-ден астам адам жұмыс істейді. Жұмыс басталар алдында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары құлағдар болады, жол ескерту белгілері орнатылады және барлық қауіпсіздік шарасы сақталады.

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ ғылыми қызметкерлерін тарта отырып, апатты ағаштарды кесу жөніндегі жұмысты бастамас бұрын экологиялық мәселелерді шешу үшін Ботаника және фитоинтродукция институты және экобелсенділер апатты ағашты мұқият тексереді.

"Ағаштың сау немесе апатты жағдайда екенін көзбен көріп анықтау әркез мүмкін емес. Сондықтан ағаштың өзегінде немесе тамырында шіріктің болуын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы бұрғы бар. Қалалардағы жасыл кеңістіктің жасы табиғатқа қарағанда төмен. Өйткені қалада ағаштар ауыр металдарды сіңіреді және әртүрлі механикалық зақымға ұшырайды. Қатты желдер мен басқа да ауа-райының қолайсыздығы кезінде ауру ағаштар құлап, ғимараттарға, құрылыстарға зиян келтіруі, сонымен қатар, адам шығынына әкелуі мүмкін", - деді Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ биологиялық қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұржан Мұхамадиев.

Бұған қоса, әр ауданда қоғам қайраткерлері мен жасыл желекке бей-жай қарамайтын азаматтардың өздерінің "Жасыл комиссиясы" құрылды. Алмалы ауданы бойынша "Жасыл комиссияның" басшысы Омар Нұрхайдаров ұйым басқарма тарапынан ағаш кесуге және аудан әкімдігі тарапынан бұтақты санитарлық кесуге қоғамдық бақылауды жүзеге асыратынын хабарлады.

"Өздеріңіз білесіздер, қазір қалада қураған және апатты ағаштарды кесу жүріп жатыр, біздің экобелсенділер экология басқармасының қызметкерлерімен бірге көшелер мен аулаларды аралап, құлаған апатты ағаштардың тізімдейді. Біздің тізімдегі ағаштардың дені қураған, кейде ерекше жайт (сыртқы жасыл ағаш және ішкі өзегі шіріген кезде) кездеседі", - деді қоғам қайраткері.

Мысал ретінде ол сыртқы жасыл, бірақ тамыр жағы қуыс, шіріген өзегі қарағашты көрсетті. Ағаш балалар ойын алаңының жанында өсіп тұр.


"Ағаш қауіп төндіреді, біз оны кесу туралы шешім қабылдадық. Біздің аудандағы апатты, бірақ жасыл ағаштар әркез жасыл комиссия мамандары және мүшелері талқылағаннан кейін әрі олардың келісімінен соң кесіледі. Бұл аудан әкімдігі мен экология басқармасының қоғамдық бақылау үшін ашықтық пен қолжетімділікке деген талпынысын көрсетеді", - деді Омар Нұрхайдаров.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: