Жаңалықтар тізбегі
0

Сабағы 100 мың теңге: Түркістан облысының тұрғыны балаларға заңсыз дін үйреткен

Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2023 13:40 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады.

Яғни, Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген, ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған. Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 бала діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды.

Сондай-ақ оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасының балалары да білім алғаны анықталды. Оған қоса полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден астам діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз діни қызметпен айналысқаны және діни әдебиеттерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: