Түркістан облысының тұрғыны 45 рет жол ережесін бұзған
Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында 45 рет ереже бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, борышкерлерді анықтау мен оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен 3 тәулікте полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 78 борышкер берешектерін өтеген.
Көлік иесінің бұл қарызы 45 рет жол ережесін бұзуға қатысты тіркелген.
Көлік айып тұраққа қойылды. Аталған жайт толығымен полиция қызметкерлерінің бейнежетонына түскен.
Тәртіп сақшылары алдағы уақытта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заң талаптарының сақталуы бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript