БҚО-да полицейлер 25 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатты

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 15:38 Фото: Zakon.kz
Оралда 25 рет жол ережесін бұзған және жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында жол ережелерін бұзып, жауапкершіліктен жалтармақ болған жүргізушіні ұсталды.

Полицейлер қала көшелерінің бірінде шетелдік есептегі Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, оның жүргізушісі 21 жастағы облыс тұрғыны екенін анықтады.

Тексеру кезінде көлік иесінің 25 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны және бұл құқық бұзушылықтар автоматтандырылған бейнебақылау жүйелері арқылы тіркелгені белгілі болды. Төленбеген айыппұлдың жалпы сомасы 589 800 теңгені құрады.

Алайда бұл — жалғыз заңбұзушылық емес. Қосымша тексеру барысында көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері орнатылғаны да анықталды.

Жүргізушіні жауапқа тартылды. Сонымен қатар оған 25 құқық бұзушылықтың әрқайсысы бойынша әкімшілік қаулы шығарылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Полиция айыппұл төлемеу жауапкершіліктен босатпайтынын және жалған нөмірлерді пайдалану – заңға қайшы екенін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: