Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, күн суытады
Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 20-22 шілдеде Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, елде қатты жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады... Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді деп болжанды", – делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 21 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашын тоқтайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript