15-17 желтоқсанда Қазақстанда қар жауып, тұман түсіп, күн суытады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 15-17 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, қар жауып, тұман түсіп, күн суытады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде негізінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы түнде -23...-28°С-қа дейін төмендейді.
"Тек орталықта, оңтүстік-батыста, 17 желтоқсанда республиканың шығысында қар жауып, аздаған бұрқасын болады. Қазақстанның оңтүстік облыстарын тұман басады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Шымкентте және республиканың үш облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді. Синоптиктер 14-16 желтоқсан аралығында қатты аяз, жел, тұман және қар жауатынын ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript