Синоптиктер алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2023 17:21 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Синоптиктер 20-22 шілдеде Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

20 шілде – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болаы. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С.

21 шілде – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +26+28°С.

22 шілде – көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С.

Алматы

20 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +32+34°С.

21 шілде – көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +30+32°С.

22 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +33+35°С.

Шымкент

20 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +34+36°С.

21 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +35+37°С.

22 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +37+39°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: