Абай облысында тағы өрт шықты
Сурет: Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 19 шілдеде "Семей орманы" МОТР Беген филиалының операторынан өртке қарсы қызметіне Рамазан және Өндіріс ауылдарының арасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына дереу ЖАО, "Семей орманы" МОТР және Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.
Кейінірек 12 гектар құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталған. Елді мекендерге қауіп төнбеген.
Өрт оқшауланып, қысқа мерзімде сөндірілген. Бұған барлығы 16 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылған.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript