Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты

Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 17:09 Сурет: ҚР ІІМ
19 шілдеде Бурабай ауданының орман алқабында "Учаске" ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қонақ үйлердің бірінің жанынан маркасы мен нөмірі жоқ бір оқпанды мылтықтың кесіндісін, сондай-ақ оның 4 патронын тапты.

Табылған қару мен патрондарға қатысы бар болуы мүмкін адам анықталды. Қазіргі таңда өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы дерекке қатысты Ақмола облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: