15 шілдеден бастап A-Parking қызметін тоқтатты: алматылықтар тұрақтың ақысын кімге төлеп жүр

A-Parking, Алматы, ақылы көлік тұрағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 17:56 Сурет: A-Parking
Almaty Parking компаниясы тротуар типті қалалық ақылы автотұрақтарды басқаруды тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның хабарлауынша, A-Parking 2023 жылдың 15 шілдесінен бастап ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Алайда бұл жаңалық бүгін, 20 шілде күні ғана белгілі болды.

"Төлем тоқтатылды", – делінген A-Parking компаниясының Facebook-тегі жазбасында.

Компания автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілеттіктер Алматы әкімдігіне берілгенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта тротуарлар тұрақтарында бұрын компанияның басқаруында болған автотұрақ үшін төлем алынбайды. Қазіргі уақытта Алматы қалалық мобильділік басқармасы жаңа бірыңғай оператор құру рәсімдерін аяқтап жатыр, ол жақын арада ақылы тротуарлар тұрақтарына қызмет көрсетуді бастайды. " A-Parking компаниясы

2022 жылдың 14 сәуірінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген "Алматы тұрақтары" (A-Parking) жобасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды.

25 сәуірден бастап ақылы автотұрақтар Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қайтарылды, ал 2022 жылдың желтоқсанында бірыңғай ақылы автотұрақ операторы – "Алматы паркинг" мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: