Алматының бірқатар ауданында электр желісінде апат болып, электр қуаты өшті

жарық, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 18:08 Сурет: pixabay
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданындағы электр желісінде апат болып, электр қуаты өшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатты желдің салдарынан кейбір ауданда ағаштар құлады, бұдан тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольт ажыраған, соның кесірінен Алматының тұтынушылары электрден ажыратылды.

Электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшті. 

"Электр қуатынсыз қалған аудандарды "АЖК" АҚ сайтының картасынан көруге болады. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр".  "Алатау жарық компаниясы" АҚ

Компанияның мәліметінше, жарықты 2 сағатта қосу жоспарланған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: