Түркістан облысында көлігіне қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жазаланды
Сурет: видео скрині
Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Telegram парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба анықталды.
Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болғаны анықталды. Көлік иесі Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт.
Жас жігітке ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік айыптұраққа қойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript