Түркістан облысында оқушылар мінген кортеждің жүргізушілері жазаланды

кортеж, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2023 15:53 Сурет: видео скрині
Түркістан облысында кезекті кортеж жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлердің назарына Түркістан облысы Төлеби ауданы жолдарының бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің видеосы түсті.

Жол ережесін бұзған Toyota Land Cruiser және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері, яғни Қазығұрт ауданының тұрғындары анықталды.

Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігі мен 595-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Аталған көлік құралдары айыптұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: