Ерейментауда дала өртеніп жатыр
Сурет: видеодан скриншот
Ақмола облысы Ерейментау ауданында дала өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт бүгін сағат 11-ге таяу Жаңажол ауылы тұсынан басталған, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Қазір қызыл жалын 25 гектарды шарпыды.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Елді мекендер мен орманға қауіп төніп тұрған жоқ. Сөндіру жұмыстарына 30 адам мен 14 техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript