"Найзағай түскен". Ақмола облысында дала өртеніп жатыр

Дала өрті, Ақмола облысы, найзағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 19:59 Сурет: pixabay
Өткен тәулікте ТЖМ бөлімшелері Ақмола облысының аумағында құрғақ өсімдіктің сегіз жану ошағын сөндірді. Қазіргі уақытта Ерейментау, Ақкөл, Шортанды, Бұланды аудандарында және Степногорск қаласында өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт ошақтарын жедел сөндіру үшін ТЖМ күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де мүдделі мемлекеттік қызметтердің бөлімшелері жұмылдырылған. Жетуі қиын учаскелерде ТЖМ авиациясы қолданылып, бұл өрттің таралуына жол бермеуге және ең күрделі ошақтарды жедел сөндіруге мүмкіндік беруде.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағайдың түсуінен туындаған.

Жағдай ҚР ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Жедел штабтар құрылып, жұмыстарды Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов үйлестіріп, барлық жұмылдырылған қызметтердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде.

"Қазіргі уақытта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жекелеген өрт ошақтарын толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жалпы өртті сөндіруге ТЖМ мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың шамамен 300 қызметкері, 55 бірлік техникасы, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-тың және "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның екі әуе кемесі тартылған". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда әкімшілік ғимарат өртенгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: