Степногорск іргесінде құрғақ шөп өртеніп, кейін орманға көшкен

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 00:13 Сурет: Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті
24 шілдеде сағат 13:15-те Ақмола облысы Ақкөл ауданының Искра ауылынан 20 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп, орманды жерге көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өртеніп кеткен құрғақ шөптің ауданы - 420 гектар. Ал "Первомай орман шаруашылығы" КММ-ның 0,7 гектар жері өртенген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сағат 16:45-те оқшауланды.

Өрт орнында Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінен, жергілікті атқарушы органдардан, орман шаруашылығыған және МЕӨҚҚ 69 адам, 15 бірлік техника мен "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: