Қазақстанда өндірісте жүріп жарақаттану деңгейі 4% азайған
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің мәліметінше, 2023 жылғы 2 тоқсан қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмыскер зардап шегіп, оның 69-ы қаза тапты.
Бұл ретте биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірісте жарақаттану 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4% төмендеді. Биыл 6 айда өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,09 болды.
"Жарақаттанудың ең жоғары деңгейі Республиканың өнідірістік аймақтарында. Мысалы, Қарағанды облысында - 79 адам, ШҚО-да – 53 адам, Абай облысында – 50 адам, Павлодар облысында – 46 адам, Қостанай облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 40 адам зардап шеккен. Сонымен қатар Алматы қаласында 50 адам зардап шекті. Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 21,8 % және құрылыс саласында – 10,6%", - делінген хабарламада.
Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі:
- жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,3%);
- өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%);
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%);
- жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,4%).
"Кейінгі бес жылда мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірісте жарақаттану деңгейі 6,5% түсті. Профилактика мен бұзушылықты алдын алу мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді", - деп қосты министрлік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript