Қазақстанда 1 минутта 6 млрд теңгенің төлемдері өнделеді

2023 жылдың І жартыжылдығында Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы ұлттық валютада 441 трлн теңгеге қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар жүргізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 16:34 Сурет: Zakon.kz
Орташа есеппен бір минут ішінде ҚҰБ-тың төлем жүйелерінде шамамен 6 миллиард теңгенің төлемдері өңделеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкінің берген мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында БААЖ мен БКЖ арқылы жалпы сомасы 441,1 трлн теңгеге 35,3 млн төлем жүргізілді.

"Операция орындалатын күндері БААЖ бен БКЖ ұлттық төлем жүйелеріне келетін орташа жүктеме күніне 3,7 трлн теңге сомасына 294,3 мың төлем болады. Орташа есеппен минутына ҚҰБ-тың төлем жүйелері арқылы 5,6 млрд теңгенің операциялары жүргізіледі. Операциялардың басым бөлігі осы жүйелерде сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін өңделеді. ҚҰБ баспасөз қызметі

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмыс істеу коэффициенті 99,98% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден көп және ұлттық төлем жүйесінің жоғары тиімділігін көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: