Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында Есік көлі мен Асы – Түрген обсерваториясына апаратын жол жабылды

Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген, Асы жайлауы, жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 19:15 Сурет: fai.kz
Сел жүру қаупіне байланысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі тас жолдың Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі бөлігін уақытша жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, ұлттық парк аумағында сел жүруі ықтимал. Туристтердің қауіпсіздігі үшін екі нысанға апаратын жол 1 тамызға дейін жабылды.

"2023 жылғы 27 шілде мен 2023 жылғы 1 тамыз аралығында Есік көліне апартын тас жол мен Түрген – Обсерватория тас жолы бойындағы бақылау-өткізу бекеттерінен қауіпті аймақтарға көліктердің өтуіне шектеу қойылды", –  деп хабарлады аудан әкімдігі Zakon.kz тілшісіне.

Өткен демалыс күндері Еңбекшіқазақ ауданында сел жолды шайып кетті. Құтқарушылар түні бойы 14 адамнан тұратын туристер тобын іздеуге мәжбүр болды. Абырой болғанда барлығы құтқарылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: