Төтеншеліктер Алматы көгінде тікұшақтар пайда болатынын ескертті

Алматы қалалық ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 23:12 Алматы қалалық ТЖД
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу өңірлік бөліміне қарасты Аюсай шатқалында тікұшақтарды байқауға болады.

Алматыда бекітілген кестеге сәйкес, жақын күндері ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі авиациялық бөлімдерінің оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тренингтің мақсаты - ұшу құрамының биік ғимараттардағы, сол секілді дала өрттерін сөндіру мен өрт сөндіру кезінде арнайы құралдарды қолдану бойынша практикалық дағдыларын сынау, атап айтқанда, су атқылаушы құрылғылар мен өрт сөндіру қондырғыларын, сондай-ақ жердегі құтқару бөлімшелерімен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

Осыған байланысты Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу өңірлік бөліміне қарасты Аюсай шатқалында тікұшақтарды байқауға болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 23:12

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: