Алматы облысында бірнеше ауылды су алды

Алматы облысы, Талғар, су басу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 21:04 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысындағы ирригациялық каналдардағы су деңгейінің жоғарылауы салдарынан екі ауыл мен Талғар қаласын су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 27 шілде күні кешке Талғар қаласының бірнеше шағын ауданында аулаларды су басты. Жергілікті суару каналындағы су деңгейі көтеріліп, іркіліс болған.

"Оқиға орнында "Талғарирригация" МКК мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, шлюздер тазартылып жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында", – деп хабарлады Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Zakon.kz тілшісіне.

Көршілес Кеңдала, Тұздыбастау ауылдарында да жағдай осындай. Ол ауылдарда да құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше аула аумақтарын су басқан.

Ал Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ертең, 28 шілдеде облыста жаңбыр жауатынын ескертті. Құтқарушылар тұрғындардағ тауға және бөгетке шықпауды, көліктерді ағаштардың астына қоймауды сұрады. Облыста әлі де сел жүру қаупі бар.

Сел жүру қаупіне байланысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі тас жолдың Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі бөлігін уақытша жабылатынын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: