Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанның бас туы бір айда үш рет жыртылған

Талдықорған, ту, Жетісу облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 20:20 Сурет: видеодан скриншот
Жетісу облысының әкімшілік орталығында қаланың бас туы тағы жыртылды. Матасы сапасыз болғандықтан, небәрі бір айдың ішінде ту үш рет өзгертілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шілденің 28-і күні талдықорғандықтар шаһардағы ең биік тұғырға ілінген тудығ тағы да жыртылып қалғанына куә болған. Қала тұрғындары мемлекеттік рәміздің неліктен қайта жарамсыз болып қалғанына қайран.

Мәселенің мәнісін Zakon.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл түсіндіріп берді. Оның айтуынша, қазір тендерлік сатып алу жүйесіне байланысты әкімдікке сапасыз тулар келіп жатыр.

"Әкімдік жақсы, сапалы туды бір жерден сатып алып келген. Оларда қатты желде жыртылмайтын екі қабатты жақсы ту бар еді. Қазір тендер өткізіп, стандартты сипаттамасын көрсетеміз, туды төмен баға ұсынғандар жеткізіп жатыр. Мұндай жағдайда бізге бір қабатты ту келеді", – деді әкім.

Бұл мәселені жергілікті әкімдік қалай  шешетіні әзірге белгісіз. Туды жаңартуға жыл сайын қанша ақша жұмсалатынын әкімшілік айтқан жоқ.

Осыдан тура бір ай бұрын әлеуметтік желіде Абай облысынан келген қонақ Талдықорғанның бас туы жыртылып қалғанын айтқан бейнежазба таратды. Ту ауыстырылды, бірақ 15 күннен кейін ол тағы жарамсыз болып қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: