Қостанайлық полицейлер қаза тапқан әріптесінің ұлына экскурсия ұйымдастырды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 23:22 Сурет: polisia.kz
Қостанайлық полицейлер марқұм аға лейтенант Аслан Көкжановтің ұлына экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның аға лейтенанты Аслан Көкжанов Қостанай станциясындағы көліктегі полицияға қарасты криминалдық полиция бөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс істеген. 7 жыл күткеннен кейін Асланның көптен күткен ұлы – Әлинұр дүниеге келді.

2018 жылдың 6 тамызында Әлинұр 6 айлық болғанда Аслан ауыр және ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Туыстары мен жақындары естелік ретінде форма киімдерін қалдырған. Қазір Әлинұр Астанада тұрады. Ол Қостанай облысы полиция департаментінің музейін көруді армандаған. Оның арманы орындалып, ол атасы Гусман Тасмағамбетов бірге 27 шілдеде музейге барған.

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 23:22

Сурет: polisia.kz

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері оған кинологиялық орталықты, жылдам қимылдайтын арнайы жасақты, атты әскер взводын көрсетіп, Әлинұрға ерекше көңіл-күй сыйлаған. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: