Түркістан облысының полицейлері бағдаршаммен ойнаған жасөспірімдерді тапты
Сурет: pixabay
Түркістан облысының полицейлері қызық үшін бағдаршаммен ойнаған жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары белгісіз жас жігіттердің жол қозғалысын бақылайтын бағдаршамның арнайы құрылғысын ашып, ток жалғанған түймесін басып, электр сымдарымен ойнаған сәті түскен видеоны анықтады.
Мұны жасаған Созақ ауданының кәмелет жасына толмаған 3 тұрғыны болып шықты. Жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Олар бұл әрекетін қызық көру мақсатында жасағанын мойындап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтқан.
Ата-аналарына ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша әкімшілік шара қолданылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript