Қазақстанның үш қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады деп болжанды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер сейсенбі, 1 тамызда Атырау, Алматы және Астана қалаларында ауадағы ластану құрамының жоғарылауымен сипатталатын қолайсыз ауа райын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 тамызда синоптиктер Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Өрт қаупі жоғары және қатты ыстық болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript