Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған қабылдау квоталарының көлемі белгіленді

Қазақстанда жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған қабылдау квоталарының көлемі белгіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 10:32 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі бұйрығымен жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға арналған қабылдау квотасының көлемі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған қабылдау квотасының мөлшері:

  • бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтарға – 1%;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер – 0,5 %;
  • ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар – 35 %;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 %;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан Қазақстан Республикасының азаматтарына – 1 %;
  • ауыл жастары арасынан ел үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары – 5 %;
  • төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасы балалары - 5%;
  • кемінде үш жыл осындай мәртебесі бар толық емес отбасылардың балалары - 1%;
  • бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер - 1%.

Бұйрық 2023 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда білім туралы құжаттар қандай ережелермен танылатыны туралы айтқан болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: