Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында балалардың жаппай улануы: ЕХӘҚМ тексеруді бастап кетті

Жаппай улану, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 18:04 Сурет: gov.kz
ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті жаппай улану фактісі орын алған Қарағанды облысындағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоспардан тыс шұғыл тексеру жүргізу мақсатында аталған өңірге аттанды. Комиссия құрамында Қарағанды облысының бас мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы да бар.

Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді (қарттарға арналған үйлер, мүгедектігі бар азаматтарға арналған үйлер, оңалту орталықтары, күндізгі болу орталықтары және т.б.).

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда әлеуметтік қызметкерді жұмыстан уақытша шеттете алады.

Айта кетсек, 2023 жылғы 30-31 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алып жатқан 12 мүгедектігі бар бала Қарағанды қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды. Оның арасындағы 2009 жылы туған мүгедектігі бар бала 31 шілдеде қайтыс болды.

1 тамызда медициналық көмек көрсету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан тағы 2 бала келіп түсті. Осылайша, қазіргі уақытта ауруханада 13 мүгедектігі бар бала ем қабылдап жатыр. Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоғарыда аталған 13 баладан басқа тағы 147 мүгедектігі бар бала тұрады, сондай-ақ 42 бала күндіз болу қызметтерін алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: