Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде 42 градус аптап ыстық болады деп болжанады

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 20:16 Сурет: pixabay
Синоптиктер сәрсенбіге, 2 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. Республикамыз бойынша жел күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік өңірде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жауады деп болжанады", делінген хабарламада.


  • Сондай-ақ, синоптиктер Алматы облысында күндіз +40+...42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжайды;
  • Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күндіз +35...+40°с дейін қатты ыстық болады деп күтіледі. 

Болжамға сәйкес, жоғары өрт қаупі мына өңірлерде тіркеліп отыр:

  • Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Батыс Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, ШҚО,Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары, Қостанай, Ақтөбе өңірлерінің оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында. 
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: