10 тамызда еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 18:37 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 10 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауылмен қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республикамыздың басым бөлігінде синоптиктер екпінді жел тұратынын болжайды.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады деп күтіледі: +35...+42°С .

Астанада күн құбылмалы, аспанды бұлт басып, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 5-10 м/с, күндіз найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: + 17...+ 19°С, күндіз: +27...+ 29°С.

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +32...+34°С.

Шымкентте - күн құбылмалы, аспан бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +34...+36°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: