Жаңалықтар тізбегі
0

Риддер ЖЭО-дағы алты қазандықтың төртеуі қыркүйек айында іске қосылады

Бұл нысандардың құрылысы 2018 жылы басталып, аяқталмаған. Енді бұл жұмыс қаржыландырумен жеке жоба ретінде ерекшеленді, алдағы уақытта нысандар пайдалануға берілмек., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 17:01 Сурет: ШҚО баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметовтың айтуынша, Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жоспарға сай қатаң түрде жүріп жатыр.


"2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін біз қолда бар алты қазандықтың төртеуіне жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Бақытжан Байахметов. - Бұл үш орташа қысымды қазандық пен бір жоғары қысымды қазандық. Бүгінгі күні бірінші және екінші қазандықтың дайындығы 44 пайызды құрайды.Тағы екі қазандықтың жөндеу жұмыстары сәл кешікпей аяқталады, яғни біреуі қазан айында, екіншісі қараша айында пайдалануға беріледі".

Жылыту маусымы басталғанда қаңтар айына дейін Риддердің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, үш қазандықтың қуаты жеткілікті болады. Қатты суық ауа райының басталуымен барлық алты қондырғы жұмыс істейді.

Риддер қаласындағы жылу электр орталығын күрделі жөндеу аясында ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын жаңа жылу магистралі салынды. Сондай-ақ, берілетін жылу сапасын арттыру мақсатында жылу маусымының басына қарай жаңа жылу магистралімен бірге екі күшейткіш сорғы стансасы іске қосылады.

Бұл нысандардың құрылысы 2018 жылы басталып, аяқталмаған. Енді бұл жұмыс қаржыландырумен жеке жоба ретінде ерекшеленді, алдағы уақытта нысандар пайдалануға берілмек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: