Қытай балаларға смартфондарды пайдалануға шектеу қоймақ
Ұсынылған шектеу ережелерінің ішінде киберкеңістікті реттеушілер 18 жасқа толмаған адамдарға сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін интернетті пайдалануға тыйым салуды ұсынады. Бастамаларға сәйкес, 16 мен 18 жас аралығындағы жастарға күніне екі сағат смартфон пайдалануға рұқсат етіледі. 8 бен 16 жас аралығындағы балалар – бір сағат, ал сегіз жасқа дейінгі балалар – небәрі сегіз минут, деп жазады Sky News.
Осылайша, Қытай билігі жастар арасында өсіп келе жатқан интернетке тәуелділікпен, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы миопиямен күресетін болады.
Егер ережелер жобасы заңға қабылданса, бұл TikTok иесі ByteDance сияқты Қытайдың ең ірі мобильді қосымшаларына әсер етеді, деп жазады басылым.
Белгілі болғандай, Қытайдағы геймерлердің саны маусым айының соңындағы мәлімет бойынша ел халқының жартысына жуығын құрайды, яғни 668 миллион адам. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында отандық ойын нарығындағы сатудан түскен табыс 144,263 миллиард юаньға жетті.