Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды ​​облысындағы балалардың жаппай улануы: тағы екі бала ауруханадан шығарылды

Қарағанды облысы, жаппай улану, «Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 14:43 Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 3 тамызда Қарағанды ​​облысында әлеуметтік мекемеде уланған тағы екі бала ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады:

"3 тамызда жалпы жағдайының жақсаруына байланысты 31 шілдеде нейробокс бөліміне түскен тағы екі бала ауруханадан шығарылды".

Ведомствоның мәліметінше, ауруханада тоғыз бала жатыр:

  • алты бала жансақтау бөлімінде,
  • үш бала нейробокс бөлімінде.
"Талдау нәтижелері бойынша барлық түскен науқастарда тамақтан улану расталмады. Материалдар уланудың нақты себептерін анықтау үшін ауқымды зерттеуге жіберілді". Қарағанды ​​облысы денсаулық басқармасының баспасөз қызметі

Дәрігерлер барлық баланың жағдайы қалыпты екенін, нашарламағанын атап өтті.

Қарағанды ​​облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылдың 30 шілдесінде орталықтағы екі бала өзін нашар сезінген:құсып, іші өткен. Осы мекеменің тағы 10 баласы 31 шілдеде осындай белгілермен ауруханаға түскен. Уланған бір бала қайтыс болды. 1 тамыз күні ауруханаға тағы екі бала түскен. Балалардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол облыстың арнайы прокурорларына берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: