Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 21:34 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Абай даңғылында Әуезов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған учаске көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының Instagram-дағы парақшасында 3 тамызда сағат 23:00-ден 5 тамызда сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Әуезов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы толық шектелетіні нақтыланады. 

  • жолды Әуезов, Шевченко, Сәтбаев, Жароков, Гагарин, Розыбакиев көшелері арқылы айналып өтуге болады.
  • Абай даңғылын Әуезов, Гагарин, Розыбакиев көшелері арқылы кесіп өтетін жол ашық болады.


"Клочков және Радостовец көшелерінен Абай даңғылына оңтүстік бағытта бұрылатын жолда 3 тамызда сағат 23:00-ден 5 тамызда сағат 06:00-ге дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: