Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда балаға дауыс көтерген тағы бір қызметкер балабақшадағы жұмысынан қуылды

Павлодарда балаға дауыс көтерген тағы бір қызметкер балабақшадағы жұмысынан қуылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 22:37 Сурет: freepik
Павлодарда балаға дауыс көтерген тағы бір қызметкер балабақшадағы жұмысымен қоштасты, оқиғаның куәгері қыздың анасы болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралиннің айтуынша, оның қабылдауына №82 арнайы балабақшаның төрт жасар тәрбиеленушісінің ата-анасы келген. Мектепке дейінгі мекеме өтемдік және түзеу-дамытумен тәрбиелеу әрі оқыту негізінде жұмыс істейді. Оған көз патологиясы бар балалар келеді. Тәрбиеленушілердің негізгі диагноздары страбизм және амблиопия.

Бүгінгі таңда балабақша ғимаратына күрделі жөнде жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы аралықта бүлдіршіндер №35 балабақшаның ғимаратына ауыстырылған.

"Қыздың анасы тәрбиешінің қызына көтеріңкі дауыспен сөйлеп тұрған сәтінің куәсі болғанын айтты. Қыздың көзі жұмылулы болуы керек болған. Бұл балабақшаның ерекшелігі осындай. Алайда бала тыңдамаған болса керек. Мұндағы мұғалім алмастырушы болды".   Павлодар білім бөлімінің басшысыҚуаныш Қыдыралин

Сонымен қатар ата-аналар не болғанын бейнебақылау камералары арқылы бақылай алмаған. Себебі 17 топтың екеуіндегі бейнекамералар жұмыс істемейді.

"Кабельдер сатып алынды, бірақ орнатып үлгермедік, қазір бұл мәселе шешілді", - деді қалалық білім бөлімінің басшысы.

Мұғалімнің көмекшісі жұмыстан босатылып, екі мектепке дейінгі мекеменің басшысы сөгіс алды.

Еске салайық, жақында "Самал" оңалту орталығында балаларға дөрекілік танытып жатыр деп ата-аналар шағымданған еді. Тәрбиешінің көмекшісін жұмыстан шығарды. Полиция ҚР ҚК-нің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: