Павлодарда оқушыға қол көтерген күзетші қызметінен шеттетілді

Павлодарда оқушыға қол көтерген күзетші қызметінен шеттетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 22:51 Сурет: flickr
Павлодарда оқушыға қол көтерген күзетші қызметінен шеттетілді. Мектеп әкімшілігі күзет агенттігіне наразылық хатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанат Асаинова №36 мектепте болған оқиғаға қатысты ресми ақпарат берді.

"Белгілі болғандай, аталған мектепте күзетші қызметін атқаратын "Элекор" күзет агенттігінің қызметкері 2012 жылғы 2 қазанда туған 6 "З"-сынып оқушысын кеуде тұсынан итеріп жіберген. Мектеп әкімшілігі оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарады. Бейнематериалдардан күзетшінің оқушыға күш қолданғаны анық расталды. Мектепке баланың анасы келіп, 102 және 103 қызметтері шақырылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін білім ордасына полиция қызметкерлері мен "Элекор" күзет агенттігінің өкілдері келді, - деді ол.

Құқық қорғау органдары алдын ала тергеу жүргізіп, бейнежазбаларды зерттеуде және куәгерлерден жауап алуда.

Мектеп басшысынан түсініктеме алынып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылаудың әлсіреуіне байланысты оған тәртіптік шара қолданылды.

"№36 мектеп әкімшілігі "Элекор" күзет агенттігі басшылығына наразылық хатын жолдады. 20 ақпан күні мектеп күзетшісі қызметінен шеттетіліп, орнына басқа қызметкер тағайындалды. Сондай-ақ, барлық мектеп қызметкерлеріне оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша нұсқаулық берілді", - деп толықтырды Жанат Асаинова.

Сонымен қатар қалалық білім бөлімі білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын сақтау және білім алушылардың денсаулығы мен өмірін қорғау бойынша бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында мектеп директорларымен кезектен тыс жиналыс өткізді.

Еске салайық, павлодарлық мектептердің бірінде мас күзетші 6-сынып оқушысын ұрған. Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: