Павлодарда күзетші ұрған оқушының жағдайы белгілі болды

Павлодарда күзетші ұрған оқушының жағдайы белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 17:07 Сурет: pixabay
Павлодарда күзетші ұрған оқушының жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер зардап шеккен баланы қарап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

19 ақпанда сағат 16:40-та облыстық балалар ауруханасына 2012 жылы туған ер бала жүгінді. Оқушының сөзінше, оны мектептегі күзетші ұрған.

Ер баланы кезекші травматолог қарады. Оған кеуде қуысының көгеруі диагнозы қойылды. Оқушы амбулаториялық бақылауға үйге жіберілді. 

Еске салайық, павлодарлық мектептердің бірінде мас күзетші 6-сынып оқушысын ұрған. Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: