Павлодарда жол апатына түскен жасөспірімдердің жағдайы белгілі болды

Павлодарда жол апатына түскен екі жасөспірімнің жағдайы белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 18:40 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жол апатына түскен екі жасөспірімнің жағдайы белгілі болды. Біреуі үйге жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 02:20-да екі зардап шеккен бала травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Жасөспірімдерді кезекші хирург пен травматолог қарап шықты. 12 жастағы бала жабық бас жарақатын алды, ал 17 жастағы бала бастың көгеруімен амбулаторлық емделуге жіберілді. 

Еске салайық, Назарбаев – Толстой көшелерінің қиылысында көлік жарық бағанына соғылып, аударылды. Көліктің ішінде екі жасөспірім бала болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: