Павлодарда ойын алаңында жүрген баланы тоқ соқты

Павлодарда ойын алаңында жүрген баланы тоқ соқты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2024 18:21 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда ойын алаңында жүрген баланы тоқ соқты. Қазір оқушының жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қамзин көшесі, 80 мекенжайы бойынша орналасқан ойын алаңында баланы ток соққан. Темір бағанаға тиіп, сол қолын күйдірген бірінші сынып оқушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, науқас амбулаторлық емдеуге жіберілген.

"Көбінесе ата-аналар мұндай жағдайда ауруханаға жатқызудан бас тартады. Егер жағдай ауыр болса, науқас кардио-неврологиялық бөлімшеге, ал күйік болса, комбустиологтың бақылауымен жарақат бөліміне жатқызылады", - деді аурухананың жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Фируза Милушева.

Биыл облыстық балалар ауруханасына электр тоғынан зардап шеккен он бала түскен. Былтыр мұндай науқастардың саны 14 болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: