Павлодар облысында түрмедегі күйеуіне телефон кіргізбек болған әйел ұсталды

телефон, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 00:39 Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында колонияға телефон кіргізбек болған әйел ұсталды, ол телефонды бас бостандығынан айырылған күйеуіне бергісі келген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

№45 (орташа қауіпсіздік) мекеменің тексеру тобы  колонияда мерзімін өтеп отырған ер адамға келген әйелі ұялы телефон өткізбекші болған. Тексеру барысында сөмкесінің қалтасынан телефон, батарейка және қуаттағыш табылды. 

"Тұрғындар бірнеше мәртелік ескертулерге қарамастан колонияға тыйым салынған заттарды алып кіруді тоқтатпайды". №45 мекеме тексеру тобының басшысы Қуаныш Қойшыбаев

Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар бойынша шешімді сот қабылдайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: