Петропавлда жөнделген үш жолды әкімдік қабылдамай тастады
Сурет: Zakon.kz
Петропавл әкімдігі мердігер компания жіберген кемшіліктерге байланысты қалада қайта салынған үш жолды пайдалануға қабылдамады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев журналистерге жолдарды жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтты. Әкімнің айтуынша, қазірдің өзінде 25 көше жөнделген. Олардың 19-ынан зертханалық зерттеулерге сынама алынды. Үш дайын нысанды әкімдік пайдалануға қабылдамады, деп жазды Petropavlovsk.news.
"Пржевальский, 314-атқыштар дивизиясы және Батыр Баян көшесі бойындағы үш жол төсемі пайдалануға қабылданбады. Мердігерлер кемшіліктерді жоюы керек. Қабылданған көшелердің өзінде кепілдік мерзімінде асфальттың жағдайына ұйымдар жауапты болады", – деп жазылған басылымда.
Қала әкімі зерттеу нәтижесі әлі толық дайын емес екенін айтты. Сарапшылар сегіз нысанды зерттеп жатыр, соның қорытындысы бойынша жол бөлігінің дайындығы мен стандарттарға сәйкестігі туралы шешім қабылданады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript