Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да шаруалар ақбөкен миллион гектар жайылымды таптады деп шағымданды

БҚО-да шаруалар ақбөкен миллион гектар жайылымды таптады деп шағымданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 09:14 Сурет: wikimedia
Батыс Қазақстан облысының диқандары бөкендердің егістікке келтірген зиянын бағамдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақбөкендердің ең көп қоныстанған жері - Батыс Қазақстан облысында шаруалар дабыл қағып жатыр. Биылдың өзінде киіктер миллион гектардан астам жайылым мен тағы бес мың гектар егіс алқабын таптап кеткен дейді ауыл тұрғындары. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

"Батыс Қазақстан облысының алты ауданындағы 1300 шаруа қожалығы киіктерден зардап шекті. Комиссия шығынды 7,9 миллиард теңге деп бағалады. Барлық дерек Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберілді. Бұл төтенше жағдай емес. Қазір республикалық бюджеттен келтірілген залалды өтеудің бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр".БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Наурызбай Қарағойшин

Жәнібек, Қазталов, Жанғала, Ақжайық, Бөкейорда аудандарының егіс алқаптары киіктерден ең көп зардап шекті дейді шаруалар. Қысқы мал азығын жинауға қауіп төнді: бүгін ауыл тұрғындары қажет шөптің жартысынан сәл астамын жинап үлгерді. Дегенмен оның басым бөлігі өткен жылғы.

Бұған дейін өңір диқандары киіктерге қатысты пікірін бірнеше рет білдірген еді. Төлдегеннен кейін бөкендердің саны екі есе артқан. Шаруалар сол кезде малға шөп тапшы бола ма деп қауіптенетінін айтқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: