БҚО-да интернет-алаяқтықпен айналысқан ірі қылмыстық топ ұсталды

БҚО-да интернет-алаяқтықпен айналысқан ірі қылмыстық топ құрықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2024 20:02 Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысының полиция қызметкерлері республика көлемінде интернет алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде зиян келтірген, Батыс Қазақстан облысында орналасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында айғақ заттар ретінде 16 телефон, бірнеше қолданылған SIM-карталар, Роутер құрылғысы және 3,5 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді.

Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желі пайдаланушыларына "несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз" деген жалған ақпарат таратып, өздерінің интернеттегі IP-мекенжайларын және банктік есепшоттарын бүркемелеп, жәбірленушілерден жалпы сомасы 45 млн теңге қаражатты алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін айыпталуда.

Соттың шешімімен күдіктілерге екі ай мерзімге “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: