Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында қылмыстық топ жүргізуші куәліктерін сатумен айналысқан

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 18:35 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысының полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабылдаумен айналысатын қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларды анықтауға облыс жолдарындағы апаттылық жағдайына жүргізілген талдау түрткі болды. Облыс жолдарындағы апат көрсеткіштерін салыстыру нәтижесінде полиция соңғы уақытта жол апаты жиілеп қана қоймай, олардың салдары да ауыр бола бастағанын анықтады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Емтихан алушылар, осы қызметпен айналысуға тендерді жеңіп алған ЖШС-нің бірінің өкілдері жүргізуші куәліктері мен санаттарын алуға тест тапсыруға тест сынақтарын сыйақыға қабылдады. Ол үшін арнайы жоспар құрылған, ал жүргізуші куәлігін алатын адамдар іс жүзінде тестілеуден өтпеген және емтихан тапсырмаған. 

"Себептерді іздеу кезінде көптеген жол-көлік оқиғасы жүргізушілерде қарапайым дағдылардың болмауына байланысты орын алғаны белгілі болды. Көптеген жағдайда бұл апаттың өсуіне және ауырлығына әсер етті". Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Мәселен, жыл басында Рудный қаласында Chevrolet Cobalt автокөлігінің тәжірибесі бір айдан аспайтын 19 жастағы жүргізушісі Audi автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан Audi жолаушысы ауыр дене жарақатын алды. Ықтимал сыбайлас жемқорлық схемасын анықтау бойынша арнайы операция жүргізу туралы шешім қабылданды. Арнайы операцияны жүргізу туралы толығырақ  хабарлады. –

"12 сәуір күні Қостанайда осы қылмыстық әрекетке қатысты күдікті бес адам ұсталды. Емтихан алушылар ақылы түрде жүргізуші куәлігін беріп отырған, ал тест тапсырушы 40 минутт ішінде емес, 5 минутта тест тапсыра алған. Көбісі мемлекеттік тілді білмесе де, тестті сол тілде тапсырды. Қазіргі уақытта қажетті алғашқы тергеу әрекеттері, соның ішінде дәлелдемелерді бекітуге бағытталған санкцияланған іздеулер жүргізіліп жатыр". Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков

Банк карталары, 1 млн теңгеден астам қолма-қол ақша, компьютерлік техника, флеш карталар, телефондар мен құжаттар тәркіленді. Сондай-ақ тінту барысында күдіктілердің бірінен 12 калибрлі патрондар мен тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді

Арнайы операция барысында осылайша мыңнан астам адам емтихан тапсырғаны анықталды. Полиция қылмыстық топтың барлық мүшелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: