Жаңалықтар тізбегі
0

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 5-7 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 15:45 Сурет: pixabay
"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн бұлттанып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада 5-7 тамыз аралығында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. 5 тамызда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С болады. 6 тамызда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Елордада түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С болады. 7 тамызда ауа температурасы төмендейді, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін (түнде +16+18°C, күндіз +25+27°C). Бұл күндері солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматыда:

  • 5 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С ыстық,;
  • 6 тамыз: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с болады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түнде +23+25°С, күндіз +35+37°С ыстық;
  • 7 тамыз: көшпелі бұлтты, жаңбыр (күндіз кей уақытта қатты), найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +20+22°С, күндіз +26+28°С.

Шымкентте жаңбыр жауады. Мұнда 5 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с болады. Түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С. 6 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +30+32°С. 7 тамыз көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: