Демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады

Қазгидрометтің синоптиктері 21 шілдеде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 22-24 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазгидромет болжамы бойынша, Астанада:
- 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С.
- 23 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.
- 24 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.
Алматыда 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Оңтүстік мегаполисте түнде +21+23°C болады. Күндіз Алматыда қатты аптап ыстық болады деп ескертеді синоптиктер: +33+35°С.
23-24 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C.
Шымкентте ыстық ауа райы сақталады:
- 22 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.
- 23 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +36+37°С.
- 24 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +38+40°C.
Бұған дейін синоптиктер 22-24 шілдеде Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп хабарлаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript